Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

12 Маусым 2025, 16:32
374
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Бұған дейін Air India әуе компаниясының Лондонға бағыт алған AI-171 рейсі Ахмедабад әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған еді.

Өзгелердің жаңалығы