Тоқаев: Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы

21 Наурыз 2023, 11:22
1938
Бөлісу:
Тоқаев: Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Тоқаев: Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы

 Наурыз – жыл басы, халқымыз ежелден тойлаған көктем мерекесі. Бұл – халық асыға күтетін аса ерекше мейрам, қыстың ызғары қайтатын, көктем шуағын төгетін сәт. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жаңаратын мезгіл.  Еліміз Әз-Наурызды әрдайым ырысты ынтымақтың бастауына балаған. Алыстаған ағайын Ұлыс күні татуласып, қайта қауышқан. Жұрт бір-біріне ақжарма тілектерін айтқан. Көпшілік ортақ дастарханнан дәм татып, қариялар жастарға батасын берген.  Бабаларымыз Наурыз тойын жасампаз еңбектің мейрамы санаған. Бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Елге пайдасы тиетін игі істер атқарған. Бір сөзбен айтсақ, Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
 

Тоқаев: Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл мейрамды халқымыз тұтас ел болып, бір ұлт болып түгел тойлайды. 

Тоқаев: Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы

Наурыз кезінде бүкіл елге ортақ құндылықтар дәріптеледі. Яғни, Әз-Наурыз – нағыз халықтық мейрам. Бауырмалдық, жанашырлық, сыйластық, отаншылдық сияқты қасиеттің бәрі осы Ұлық мерекеде көрініс тапқан. Біз – ата жолын жалғаған жұртпыз, - деп атап өтті ол.

Тоқаев: Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы

Президент билік жүйесін қайта жасақтау үшін маңызды саяси шаралар іске асырылғанын айтты.

 Мен дәл бір жыл бұрын тың бастама көтердім. Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформалар ұсындым. Халық бұл бастамаларды қолдады. Біз жоспарымызды бір жылда табысты жүзеге асырдық. Референдум арқылы Конституцияға маңызды өзгерістер енгіздік. Билік жүйесін қайта жасақтау үшін маңызды саяси шаралар іске асырылды, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы