Тоқаев АӨК-ні дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды

1 Қыркүйек 2020, 11:53
2086
Бөлісу:
Тоқаев АӨК-ні дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама келесі жылы аяқталады. Үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын. Біздің басты міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету, миллиондаған ауылдық тұрғынның жалақысын көтеру, еңбек өнімділігін 2,5 есеге көбейту және АӨК тауарының экспортын 2 есеге көтеру, - деді Тоқаев. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Өзгелердің жаңалығы