Тоқаев Үкіметке себебін анықтауы тиіс мәселені тапсырды

8 Ақпан 2022, 13:56
1270
Бөлісу:
Тоқаев Үкіметке себебін анықтауы тиіс мәселені тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде бүгінгі күні экспорт көлемі бұрынғы деңгейде қалып, импорттың үлесі 8 пайызға өскен. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осының себебін анықтауды тапсырды.

Тоқаев бұған дейін бюджетаралық қатынастың жаңа жүйесін жасау туралы тапсырма бергенін еске салды.

Бұл ретте қаржыны жергілікте жерде көбірек қалдыруға аса мән берген жөн. Елімізде 3 жылдан бері «қарапайым заттар экономикасы» атты бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – ішкі нарықты халық тұтынатын аудандық тауармен қамтамасыз ету. Алайда осы кезеңде экспорт көлемі бұрынғы деңгейде қалып, импорттың үлесі 8 пайызға өскен, - деп толықтырды ел Президенті.

Мемлекет басшысы Үкімет мұның себебін анықтауы тиіс екенін айтты.

Өнеркәсіп саласында, негізінен көлік жасау саласына басымдық берілген. Бірақ отандық өнім үлесі әлі де төмен. Ашылып жатқан жұмыс орындары да аз. Өнеркәсіп саласына жауапты министрлік индустрияландырудың барлық мәселесімен мұқият айналысуы тиіс. Әсіресе даму мүмкіндігі жоғары салаларға баса мән беруді тапсырамын, - деп айтты Президент Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Өзгелердің жаңалығы