Тоқаев Үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды

7 Ақпан 2024, 11:31
268
Бөлісу:
Тоқаев Үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық инфрақұрылым жоспары сапалы әзірленуі тиіс екенін баса айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырамын. Негізгі басымдықтарды айқындап, стратегиялық маңызы бар жобаларға жеке инвестиция тарту мәселесін мұқият ойластыру керек. Тек аса қажет болған жағдайда ғана қаржылай қолдау шараларын қарастырған жөн, - деді ол. 

Президент елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиіс екенін, уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыратынын жеткізді.

Түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет. Алайда, өзге де құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс. Тағы да ескертемін, «шаш ал десе, бас алып», асыра сілтемеу керек. Мен мұндай жөнсіз әрекеттің қай-қайсысын да қатаң айыптаймын, - деді Тоқаев. 

Ол басты міндет ретінде кәсіпкерлердің еркіндігін шектеу емес, бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру екенін атады.

Өзгелердің жаңалығы