Тоқаев Үкімет мүшелерін сұрақтың астына алды

8 Ақпан 2022, 11:29
1341
Бөлісу:
Тоқаев Үкімет мүшелерін сұрақтың астына алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты. 

Отырыс кезінде Премьер-министр Әлихан Смайыловтың баяндамасынан кейін Президент Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға тарифтерге қатысты  сұрақ қойды.

Бұл мәселеге қатысты жедел шаралар қабылданды.  1 ақпаннан бастап табиғи монополияларға қатысты 29 субъекті орташа есеппен 80 пайызға тарифтерді төмендетті. Алайда «Богатырь көмір» көмір өндіру кәсіпорнына қатысты бір мәселе бар. Бір ЖШС 2 шақырымды жекешелендіріп алған. Өткен жыл бойынша 3,2 млрд теңге қосымша ақы алған. Көмір тоннасына 130+ теңгені құрады. Бұл тарифті 93 пайызға көбейтті. 1 наурыздан бастап тағы 20 нысанның тарифтерін төмендетеміз, - деді Скляр. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринге монополияларға қатысты сұрақ қойды. 

Біз өткен жылы өз ұсынымызды бердік. Сіз 3 қаңтарда заңға қол қойдыңыз. Ол бойынша негізгі тетіктер бекітілді. Осындай жағдайларды заң аясында шешуге болады, - деді ол.

Жұманғарин Маңғыстау облысындағы порттарға қатысты, коммуналдық төлем мен «Қазақтелеком» АҚ тарифтеріне қатысты арыз-шағымдар бар екенін атап өтті. 

Өз кезегінде Тоқаев монополиялық компаниялармен жұмыс маңызды екенін атап өтті. 

Мен өз баяндамада да жеке монополиялар мемлекеттік монополиялардан да қауіпті екенін айтып өттім. Сондықтан жалпы монополияның болуы да жақсы нәрсе емес, - деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы