Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Президенттің 2026 жылғы 21 мамырдағы Жарлығына сәйкес, марапаттар коммуналдық қызмет саласының еңбеккерлеріне, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне және еріктілерге табысталды, - делінген Ақорданың хабарламасында.
«Еңбек Даңқы» ордені табысталды
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:
– «Жасыл саябақтар» МКМ бағбаны Мұхтар Әбішов;
– «Темірлан абаттандыру» КММ жұмысшысы Әмина Күзембаева;
– «С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музей» филиалының экскурсия жүргізушісі Ердос Қонысов;
– «Леңгір тазалық» КММ жұмысшысы Райхан Матибаева;
– «Тұран су» МКК инженер-гидротехнигі Парымбек Орынбасар марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар
«Ерен еңбегі үшін» медалі:
– жедел жәрдем қызметкері Тахир Әбдиевке;
– «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС жұмысшысы Мадияр Әбдіраевқа;
– «Жасыл қала» КММ жұмысшысы Сырым Әдешовке;
– «Әулие ата» ЖШС директоры Руслан Әлімбековке;
– трактор жүргізушісі Бағдат Байнеевке;
– көлік жүргізушісі Әлімбек Бекжановқа;
– волонтер Ернар Бектаевқа;
– «Шардара ауданының шаруашылық қызметі» КММ жұмысшысы Әлдибек Бойбусиновке;
– көлік жүргізушісі Бейділда Бөрібаевқа;
– «КДСМ» ЖШС директоры Мекенбай Есімовке;
– аула тазалаушысы Салтанат Қабыловаға;
– бағбан Ғабит Қожамбердіұлына;
– волонтер Айда Мақанбайға;
– облыстық құрылыс басқармасының бас маманы Төлеби Мырзалиевке;
– «Сарыағаш қызмет» КММ жұмысшысы Нұрғали Мырзамұратовқа;
– волонтер Алишер Омаровқа;
– «Келес қызмет» КММ жұмысшысы Әбиболла Тасқынбаевқа табысталды.
Құжатта Жарлықтың қол қойылған күнінен бастап күшіне енетіні көрсетілген.
Еске салайық, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті Түркістан қаласында өтті. Іс-шараға түркі елдерінің мемлекет басшылары қатысқан болатын.