Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында бірқатар құжаттарға қол қойды

6 Қараша 2024, 14:18
403
Бөлісу:
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында бірқатар құжаттарға қол қойды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  1. Түркі мемлекеттері ұйымы XI саммитінің декларациясы;
  2. «Түркі әлемінің жасыл дамуы: орнықты келешектің бірлігі» туралы шешім;
  3. Бішкек қаласын 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық астанасы деп жариялау туралы шешім;
  4. Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы шешім;
  5. Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім;
  6. Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарларын тағайындау туралы шешім;
  7. «Түркі мемлекеттері ұйымының Тұрақты өкілдері жөніндегі ереже» туралы шешім;
  8. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының тулары жөніндегі шешім.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барған еді.

Өзгелердің жаңалығы