Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігіне қол қойды

Заң қабылданғаннан кейін оның мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.

 Ақорда Бүгiн 2026, 19:24
Бүгiн 2026, 19:24
84
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заң қабылданғаннан кейін оның мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.

Бұл құжат Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастықты заңдық тұрғыда бекітеді. Келісімнің мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде бірлескен әрекет ету, тәжірибе алмасу және азаматтарды қорғау шараларын үйлестіру.

Заңның күшіне енуімен Қазақстан халықаралық міндеттемелерді орындау аясында ұйымның азаматтық қорғау тетігіне қатысушы ел ретінде өз жауапкершілігін атқарады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан бөлек Президент «2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Наверх