Заманауи және дамыған инфрақұрылымсыз ауылдық жерлерде цифрландыру ісін жүзеге асыру мүмкін емес екені сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумда осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заманауи және дамыған инфрақұрылымсыз ауылдық жерлерде цифрландыру ісін жүзеге асыру мүмкін емес екені сөзсіз. Сондықтан Қазақстан халықаралық дәліздер мен деректердің трансшекаралық ағынына сай келетін цифрлық инфрақұрылымды дәйекті түрде қалыптастырып келеді. Трафик шоғырланатын әлемдік орталықтарға қосылу үшін транскаспий учаскесінде әзербайжандық серіктестермен бірлескен жұмыстар басталды. Бұл жерде Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропа жөнінде сөз болып отыр, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.