Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенті болып сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы FIDE президентіне сәттілік тіледі

 ©BAQ.KZ архиві 26 Қыркүйек 2026, 16:23
26 Қыркүйек 2026, 16:23
124
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкер, меценат Тимур Турловты құттықтады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады.   Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан алғаш рет халықаралық шахмат федерациясына басшылық етіп, Тимур Турловтың президент лауазымына сайланғаны туралы жаздық.

Наверх