Тоқаев тергеу неге құпия жүргізіліп жатқанын айтты

17 Ақпан 2022, 20:45
1862
Бөлісу:
Тоқаев тергеу неге құпия жүргізіліп жатқанын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы оқиғаларына қатысты тергеу жұмыстарына тоқталды.

Оның айтуынша, қазір өте ауқымды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура нақты ақпаратты жүйелі түрде жариялап жатыр. Қандай да нәтиже туралы айтуға әлі ерте. Бұл – өте күрделі мәселе. Қазір тергеу құпия түрде жүргізіліп жатыр. Өйткені, бұл өте ерекше іс болғандықтан біраз уақыт керек. Көп ұзамай халқымызды мазалап отырған сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі. Бәрі де айтылады. Халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз. Қазір тек мына нәрсені ғана айта аламын. Бұл біздің халқымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің тұтастығына төнген қауіп болды,- деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы