Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев техника зауытын аралап, автокөлікке қолжазба қалдырды

19 Маусым 2025, 16:50
723
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
PHOTO
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев техника зауытын аралап, автокөлікке қолжазба қалдырды

Қасым-Жомарт Тоқаев KIA маркалы арнайы және коммерциялық техникалар құрастыратын зауыт жұмысымен танысты.

Кәсіпорын іске қосылған 2022 жылдан бері 700-ден аса автокөлік шығарылған.

Тоқаев техника зауытын аралап, автокөлікке қолжазба қалдырды

Өндіріске құйған инвестицияның жалпы көлемі 11 миллиард теңгеден асты. Мұнда өндірушілерден жеткізілген бөлшектерді дәнекерлеу, сырлау, шанақ монтаждау жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар коммерциялық автокөліктерге арналған қосымша жабдықтар өндірісі жолға қойылған. 240 маман тұрақты жұмыспен қамтылған.

Тоқаев техника зауытын аралап, автокөлікке қолжазба қалдырды

Компания өндірістік қуаты мен өнім түрін кеңейту үшін басқа да халықаралық брендтермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Тоқаев техника зауытын аралап, автокөлікке қолжазба қалдырды

Президент еңбек ұжымына табыс тілеп, KIA Bongo автокөлігінің шанағына естелік қолжазба қалдырды.

Тоқаев техника зауытын аралап, автокөлікке қолжазба қалдырды
Өзгелердің жаңалығы