Тоқаев Тәжікстан Президентін құттықтады

5 Қазан 2020, 17:14
1276
Бөлісу:
Тоқаев Тәжікстан Президентін құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Президент Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі үшін атқарып келе жатқан жауапты мемлекеттік қызметінде табысқа жете беруіне тілектестік білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның екі ел арасындағы дәстүрлі достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог қазақ-тәжік халықтарының стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге септігін тигізе беретініне сенім білдірді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы