Тоқаев табысты елде тауып, шетелге шашатындар туралы айтты

19 Сәуір 2023, 11:20
858
Бөлісу:
Тоқаев табысты елде тауып, шетелге шашатындар туралы айтты
Фото: stan.kz

Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. «Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек. Есесіне, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн. Ірі кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздегі бизнесін дамытуға жұмсағаны абзал. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент «кәсіпкерлердің жаңа толқыны» керек екенін атап өтті.

Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген «тың күштер» қажет, - деді Президент.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тоқаев биыл Жаңаөзенде газ өңдейтін жаңа зауыт салынатынын айтты. Сонымен қатар ол Екібастұз ЖЭО-ны жаңғырту және келесі жылыту маусымына дайындық мәселесін көтерді. Президент барлық жоспар толық көлемде және мерзімінде орындалуы тиіс екенін, былтырғы дағдарыстың қайталануына жол бермеу керегін баса айтты.

Өзгелердің жаңалығы