Тоқаев Смайыловқа тапсырма берді

11 Қаңтар 2022, 12:39
1756
Бөлісу:
Тоқаев Смайыловқа тапсырма берді
Фото: Ақорда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

Мен Премьер-министрге үш апта ішінде 2022 жылға арналған іс-қимылдар жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Оны ақпан айының басында өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қараймыз, - деді Президент.

Сондай-ақ Тоқаев инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы қажет екенін айтты.

Ол шетелдік инвестицияларға Қазақстанның тартымдылығын арттыру үшін керек, -деді ол.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент отырысында Қытаймен шекарадағы мәселені реттеу керек екенін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы