Тоқаев Смайыловқа бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін мүлтіксіз бақылауды тапсырды

28 Тамыз 2024, 16:30
448
Бөлісу:
Тоқаев Смайыловқа бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін мүлтіксіз бақылауды тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындыларын таныстырды. Онда:

– теміржолға баса назар аудара отырып, көлік саласына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген;

– жалпы сомасы 2,9 триллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған; 

кемшіліктерді жою үшін көлік саласын дамыту, бюджеттік-инвестициялық жобаларды іске асыру, отандық фармацевтика өнімдерін өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау тетігін қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленгенін айтты;

мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар топтамасын таныстырды;

биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндады.

Тексеру жұмыстары Назарбаев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін, сот жүйесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы, өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын мүлтіксіз бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ жалпы мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше мән беру керек екенін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы