Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысады. ШЫҰ кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті аймақтық және Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз сөйлейді", - делінген хабарламада.
Саммит жұмысы сағат 12:00-де "Хабар 24" арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келгені хабарланған болатын.