Тоқаев Сербия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

15 Ақпан 2025, 12:10
364
Бөлісу:
Тоқаев Сербия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы