Тоқаев сайлауға қатысты пікір білдірді

Тоқаев сайлауға қатысты пікір білдірді
532

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуде сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ең басты мақсат – мемлекеттің мүддесі. Отанымызды өркендетуге бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Аймақтарды дамытуға мемлекет қана емес, бизнес өкілдері де атсалысуы қажет. Сондықтан, мен осы өңірден шыққан іскер азаматтарды Абай облысын бірге көркейтуге шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент кейбір күштердің шетелден кибершабуыл әрекеттерін ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейтінін айтты.

Қазір елімізде үлкен саяси науқан басталды. Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар, ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет. Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз, – деді Тоқаев.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы