Тоқаев сайлау туралы пікір білдірді

5 Қазан 2022, 16:46
3044
Бөлісу:
Тоқаев сайлау туралы пікір білдірді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Президент сайлауы жарияланғаннан кейін дайындыққа жеткілікті уақыт өтті. Бүгінде сайлау науқаны қарқын алғанын көріп отырмыз. Үміткерлер ұсынылып, партиялар мен қоғамдық қозғалыстар белсенділік танытып жатыр. Ішкі саяси өмірдің жанданғаны көрініп тұр. Біз барлық негізгі саяси институттарды жаңғыртатын жаңа электоралды кезеңге қадам бастық. Өздеріңізге мәлім, мен еліміздегі ең ірі AMANAT партиясының Төрағасы қызметінен бас тарттым. Конституциялық реформа нәтижесінде Президентке өз өкілеттігін атқару кезінде партия қатарында болуға тыйым салынды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сайлау науқанын заңдарды қатаң сақтай отыра өткізуді қамтамасыз ету маңызды екені айтылды.

«Алдағы сайлауға қандай ұйымнан қатысатыныма қоғам қызығушылық білдіріп отырғанын білемін. Ашығын айтайын, маған әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан олардың атынан үміткер болу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Әсіресе, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың бастама көтеріп жатқанына қуандым.

Осының барлығы азаматтардың кейінгі үш жарым жылда жүзеге асырылып келген реформалар мен өзгерістерге қолдаудың айтарлықтай артқанын көрсетеді. Бірақ жасаған ұсынысы мен сенімі үшін, стратегиялық бағытыма белсенді қолдау көрсеткені үшін барлығына алғыс айтамын. 

Мен белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысының түрлі партиялардан, бірлестіктерден тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сайлау науқанын заңдарды қатаң сақтай отыра өткізуді қамтамасыз ету маңызды. Мен Мемлекет басшысы ретінде президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік беремін», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы