Тоқаев "Русская медная компания" негізін қалаушысын қабылдады: Инвестициялық жобалар талқыланды

Кездесу барысында Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 15:40
Бүгiн 2026, 15:40
200
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді, - делінген Ақорданың баспасөз қызметінде.

Наверх