Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Қазақстанға келген Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады.
Кездесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен Ресей Премьер-министрі Украинадағы жағдайдың ушығуына және Ресейге халықаралық санкциялардың енгізілуіне байланысты екі мемлекет арасындағы тауар айналымының төмендеуіне жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды қарастырды.