Тоқаев Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

6 Сәуір 2022, 16:15
1300
Бөлісу:
Тоқаев Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.

Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы