Тоқаев Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

31 Тамыз 2023, 09:44
549
Бөлісу:
Тоқаев Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы