Тоқаев құжаттарды цифрландыру жұмыстарының жалғасатынын айтты

28 Қыркүйек 2022, 11:37
1402
Бөлісу:
Тоқаев құжаттарды цифрландыру жұмыстарының жалғасатынын айтты

Азаматтарымыздан 15 түрлі құжатты өзімен бірге алып жүруі және көрсетуі талап етілмейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумда осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетпейді. Бізде жеке сектормен қалыпты өзара іс-әрекет жолға қойылған. Атап айтқанда, Каспий, Халық, BI Group және басқа да компаниялар мемлекеттік қызметтерге өздерінің платформалары арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің азаматтарымыздан жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін, оқу орнын бітіргені туралы дипломын, неке туралы куәлігін және тағы да 15 түрлі құжатты өзімен бірге алып жүруі және көрсетуі талап етілмейді. Бұл жұмыс сөзсіз жалғасады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы