Тоқаев құрылтайда Мұхтар Шахановқа Еңбек Ері орденін табыстады

16 Маусым 2022, 17:22
2119
Бөлісу:
Тоқаев құрылтайда Мұхтар Шахановқа Еңбек Ері орденін табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлытау өңірінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ақын Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек Ері атағын табыстады. 

Құрылтайды барша ұлтымыз үшін жағымды жаңалықпен аяқтағым келіп отыр. Кеше даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовқа Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілгенін білесіздер. Ол - Әнұранымыздың авторы, ұлтымыздың руханиятында ерекше орны бар аса көрнекті тұлға. Біртуар сазгерге құрмет көрсету - перзенттік парызымыз. Шәмшіні халқымыз "Қазақ вальсінің королі" деп қадірлейді. Шәмшінің әндері қашан да халқының жүрегінде, ешқашан орнын жоймайды, - деп атап өтті  Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы оның әндері елге кеңінен танымал екендігін айтты.

Оның ақын Мұхтар Шахановпен бірлесіп жазған әндері елге кеңінен танымал. Әйгілі композитор мен ақынның достығы барша жұртқа үлгі. Жақында Шәмшінің досы Мұхтар Шаханов 80 жасқа толады. Оның шығармашылығы елде қандай құрметке де лайықты. Өте шыншыл, адал, ұлтжанды адам. Мен бүгін Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек Ері атағын беремін. Ұлытаудың төрінде табыстауды жөн көрдім, - деді Мемлекет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы