Тоқаев Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды

2 Қазан 2020, 16:15
1112
Бөлісу:
Тоқаев Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы, азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы, сондай-ақ, Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде Қорғаныс министрінің есебін тыңдады, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды. Соның ішінде Қарулы Күштерді қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан армиясының радиациялық және химиялық қорғанысына қажетті құрал-жабдықтардың заманауи түрлерімен жабдықталуына, әскери-техникалық авиация мен инженерлік әскерді күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы