Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.
21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!
Бүгін тиісті министрлікке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бердім, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.