Тоқаев Қазақстанның болашақта ұстанатын саясаты туралы айтты

21 Қаңтар 2022, 14:02
2568
Бөлісу:
Тоқаев Қазақстанның болашақта ұстанатын саясаты туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде мәлімдеме жасады.

Билік пен бизнестің сындарлы өзара іс қимылы әлеуметтік тұрақтылықтың мығым негізін құрады. Ал ол өз кезегінде экономикалық, сонымен қатар саяси реформаларды сәтті жүзеге асыру үшін маңызды шарт саналады, - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

ҚР Президенті саяси трансформация және қоғамды жаңғырту бағыты жалғасатындығын баса айтты.

Таяуда саяси трансформацияның магистралды бағдарынан еш ауытқу болмайтынын мәлімдеген едім. Мен Мемлекет басшысы ретінде саяси трансфромация және қоғамымызды жаңғырту саясатын жалғастыра беретін боламын. Сондықтан экономикалық реформалар бағдарламаларымен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Реформа бағыты берілді. Нарықтық әлеуметтік бағдарланған және әртараптандырылған экономикаға көшу керек, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев жаңа саясатты бірлесіп қалыптастыру керегін айтты. 

Парақты аударып, жаңа Қазақстанның негізіне айналуы тиісті жаңа экономикалық саясат қалыптастыруда бірлескен жұмыс бастау қажет, - деді ол. 

ҚР Президент жаңа экономикалық саясаттың негізгі принциптері адал бәсекелестік, қабылданған шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, бизнестің салықтық адалдығы, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі екендігін баса айтты.

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыруға дәл осы ірі бизнес, біздің буржуазия мүдделі екендігіне түбегейлі сенімдімін. Сондықтан да елдің дәл осы бизнес элитасының жоғалтып алары бар. Бірақ, сонымен қатар өз ісін одан арпы кеңейту үшін де жақсы мүмкіндіктер бар, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, әртараптандырылған экономика құру міндеті әлі де өзекті. 

Бірде бір тұрақты экономика қуатты өндірістік секторсыз тіршілік ете алмайды. Индустрияландырудың баламасыздығы туралы тезис өткірлігін жоғалтқан жоқ. Ондаған жылдық жұмыс барысында ілгерілеу неліктен орын алмады? Басты қателік мұнымен негізінен мемлекет айналысты, - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

ҚР Президентінің атап өтуінше, құрылымдық, оның ішінде квазимемлекеттік құрылымдарға қатысты проблемаларды шешуге қомақты қаражат жұмсалды.

Дегенмен, бастамалар бизнестен, бірінші кезекте ірі бизнестен шығуы тиіс болатын. Бірақ, бұл орын алмады. Мемлекеттік сектор қандай ірі болса да, бұл тек қана мемлекеттің экономикалық жүйесінің бір бөлігі ғана. Республикалық бюджеттің шығыс бөлігі барлық статьялармен зейнетақы, мемлекеттік міндеттеме және даму бюджеті шамамен 15 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 20 пайызын құрайды. Қалғанының барлығы нарықпен, үлкен және кіші кәсіпорындармен қалыптасады. Сондықтан да тағы да қайталап айтамын, ел дамуындағыы оң өзгерістер көп жағдайда бизнеске байланысты болады, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы