Тоқаев: Қазақстанды бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын

26 Қараша 2022, 11:16
761
Бөлісу:
Тоқаев: Қазақстанды бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білемін. Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, - деп атап өтті Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Президентті салтанатты ұлықтау рәсімінде.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев саяси оқиғаға қатысқан отандастарына алғыс айтты.

Сайлауға қатысқан барша жұртқа ризашылығымды білдіремін. Науқанға атсалысқан қауымға, байқаушылар мен журналистерге зор алғыс айтамын. Президенттікке кандидаттарға да құрметімді білдіремін. Сайлауда саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар маңызды сәтте жұдырықтай жұмыла алатынын көрсетті. Осы ретте, мені президенттікке ортақ кандидат ретінде ұсынған халық коалициясы мүшелеріне рахмет айтқым келеді, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы