Тоқаев: Қазақстанда бокстың болашағы зор

6 Шілде 2025, 16:01
563
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды, ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды.

Бүгінге дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы