Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырды

11 Қаңтар 2022, 12:53
1553
Бөлісу:
Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент отырысында мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл барша қазақстандықтардың іргетасы.

Бұл – халық қоры. Ол әкімшілікке немесе Үкіметке бағынышты болмайды. Жеке беделді бақылау кеңесі құрылады. Адал, жауапкершілігі мол басшы тағайындалады. Біз оның қызметінің толық ашықтығын, қоғам алдындағы есептілігі мен бақылауын қамтамасыз етеміз. Жоспарлар, бюджет, жобалар сайтта жарияланады. Барлық ақпарат ашық болады,  – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Тоқаев мемлекеттік органдар саннан сапаға, есептен іске көшуі керегін айтты.

Сонымен қатар Президент балаларға арналған спорт нысандары қала мен аудан, ауылдарда салынатынын хабарлады.

Қабілетті балаларға көмек көрсетіп, мәдениетті нығайтамыз. Алматыны қалыпқа келтіруге жәрдемдесеміз, – деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы