Тоқаев: Қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті

8 Маусым 2023, 12:55
1168
Бөлісу:
Тоқаев: Қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы сөз сөйлегеннен кейін CNN журналисті, форум модераторы Ричард Квесттің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент мырза, Сіз делегаттар мен қатысушыларды диалогқа шақыратын ашықтық пен төзімділік туралы айттыңыз. Жалпы, Форумның сәтті өтуіне қатысты көзқарасыңыз қандай? - деп сұрады модератор.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі проблемалардың, адамның өміріне қауіп төндіретін мәселелердің мәніне тереңірек үңілуіміз керек.

Шын мәнінде, әлемдегі қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті. Біз, ең алдымен, мұны мойындауымыз керек. Екіншіден, біз атышулы мәселелерге ғана назар аудармауымыз керек. Біз осы шеңберден шығып, бәрімізді біріктіретін мәселелер туралы айтуға тиіспіз. Қысқаша айтса, осы мәселелерді шешуіміз керек. Менің көзқарасым бойынша, диалог пен пікір алмасу және сіз айтқан әділдік текетірестен, соғыс пен қақтығыс идеологиясынан жоғары тұруға тиіс, - деді президент.

Бұған дейін мемлекет басшысы Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығын құруды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы