Тоқаев Путинге қоңырау шалды: Тараптар не туралы келісті?

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, алдағы бірлескен іс-шаралар жоспарын қарады.

21 Қыркүйек 2026, 15:44
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі 21 Қыркүйек 2026, 15:44
21 Қыркүйек 2026, 15:44
210
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдап, Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

Наверх