Тоқаев Путинді Тәуелсіздік сарайында қарсы алды

Екі ел басшыларының кездесуі Қазақстан мен Ресей арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың жалғасы ретінде қарастырылып отыр.

 Ақорда Бүгiн 2026, 11:46
Бүгiн 2026, 11:46
352
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді Тәуелсіздік сарайында ресми түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Ресми қарсы алу рәсімі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.

©BAQ.KZ/Арман Мухатов
©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Салтанатты рәсім мемлекеттік протоколға сәйкес ұйымдастырылды. Екі ел басшыларының кездесуі Қазақстан мен Ресей арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың жалғасы ретінде қарастырылып отыр.

©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Еске сала кетейік, Владимир Путин кеше Астанаға сапармен келді. Сапар аясында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады деп күтіледі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қатарында сауда-экономикалық байланыс, көлік-транзит әлеуеті, өнеркәсіп, энергетика және өңіраралық әріптестік мәселелері бар.

Сондай-ақ, Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің негізгі бағыттары мен қазақ-орыс саяси диалогының жоғары деңгейі сөз болған еді.

Одан кейін Путиннің Астанаға сапарына қатысты сарапшы пікір білдірді

Наверх