Тоқаев премия туралы қызу талқыланған тақырыпқа нүкте қойды

Бүгiн, 16:24
318
Бөлісу:
Тоқаев премия туралы қызу талқыланған тақырыпқа нүкте қойды
Фото: Арман Мухатов - архив

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министрлігінің мемлекеттік сыйақы туралы ақпаратына түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салынатындығы туралы мәселе қызу талқыланды. Қаржы министрлігі оған тыйым салуға негіз жоқ екенін түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары. Олардың табысы айтарлықтай көп емес. Кей кездері түнімен жұмыста отырады. Мемлекеттік қызметшілердің де отбасы мен міндеті, қала берді қарапайым адам ретіндегі қалауы мен жоспары бар. Мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру үшін қатардағы қызметкерлердің еңбекақысы бәсекеге қабілетті болуы керек деп ойлаймын. Сыйақы аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Басқа жолмен мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тартып, кадр тұрақсыздығы проблемасын шешу қиын, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында.

Сондай-ақ Тоқаев Үкімет азаматтарға әлеуметтік көмек беру жүйесін қайта қарауы керегін айтады.

Соған сәйкес тиісті тапсырма берілді. Мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтар алуға тиіс. Алайда кейбір ауылдық жерде бір отбасыдан бірнеше адам атаулы әлеуметтік көмек алатын жағдайлар жиі кездеседі. Өкінішке қарай ондай азаматтарымыз жұмыс істеп, еңбек етуге де құлықсыз. Себебі мемлекеттен түсетін жәрдемге сенеді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Түптеп келгенде, мұндай әрекет әлеуметтік масылдықты туғызып отыр, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы