Тоқаев Премьер-министрдің кеңсесін трансформациялауды тапсырды

12 Желтоқсан 2022, 12:51
1686
Бөлісу:
Тоқаев Премьер-министрдің кеңсесін трансформациялауды тапсырды

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министр кеңсесін ведомствоаралық үйлестірудегі және салааралық мәселелерді шешудегі рөлін арттыра отырып, Үкіметтің жинақы аппаратына айналдыруды кешенді түрде жүзеге асыру қажет. Қабылданған шешімдерді сапасыз орындау мәселелері министрлер мен ведомство басшыларының құзыретіне жатады, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Тоқаев мемлекеттік органдардың басшылары әлі де кейбір мәселелер бойынша тәуелсіз шешім қабылдаудан қорқатынын қоса кетті.

Мемлекеттік органдар түрлі қисынды дәлелдерге сілтеме жасап, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының мақұлдауын алуға тырысады. Кейде Үкімет мүшелеріне жазбаша тапсырма беру керек, әйтпесе тапсырманы орындамау, жоба жұмысының бұзылуы қаупі бар, - деп толықтырды Тоқаев.

Сөзінше, дебюрократизация туралы қаулы аясында Үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын өзекті мәселелер бойынша құжаттарды Әкімшілікке беруге тыйым салынды. Алайда бұл тәжірибе әлі жойылған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы