Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтатуды тапсырды.
«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парағында.
Бұған дейін 1 шілдеден бастап пойыз билеттері жаңа автоматтандырылған жүйе арқылы сатылатыны туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, ҚТЖ жол билеттерінің тапшылығына шағымданғандарға жауап беріп, Диас Ахметшәріп те пойыз билетінің жетіспеушілігін түсіндірген болатын.