Тоқаев Павлодардағы медицина мекемесінің жұмысымен танысты

9 Тамыз 2023, 18:36
398
Бөлісу:
Тоқаев Павлодардағы медицина мекемесінің жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ASTANA VISION PAVLODAR клиникасына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жергілікті тұрғындарға офтальмологиялық қызметтер көрсететін медицина мекемесінің жұмысымен танысты.

Президент диагностикалық-емханалық кешенін, стационар бөлімін, сондай-ақ лазер орталығы мен операциялық блокты аралап көрді.

Тоқаев Павлодардағы медицина мекемесінің жұмысымен танысты

Мекеме басшылығының айтуынша, клиника ай сайын көз ауруына шалдыққан 1000-ға жуық науқасты қабылдап, 200-ге тарта ота жасайды. Пациенттер ақылы түрде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында да диагностикадан өте алады.

Клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Президент өңірлерде осындай жоғары технологиялық арнаулы медицина мекемелерінің ашылуы өте маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы орталық ұжымының жауапты қызметіне табыс тіледі.

Тоқаев Павлодардағы медицина мекемесінің жұмысымен танысты

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Ол өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы