Тоқаев неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді

29 Қаңтар 2022, 21:27
2903
Бөлісу:
Тоқаев неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қаңтар оқиғасында құқыққорғау органдары басшыларының бірыңғай әрекет ету алгоритмі, жоспары болған жоқ. Ашығын айтсам, түсінбеушілік көп болды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Президенттің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде құқыққорғау органдарының басшылары жауапкершілікті өздеріне алудан қорыққан.

Олар тарапынан ешқандай бастамашылық болмады. Маршал Рокоссовский мен Жуков соғыс кезінде әр әрекет үшін күн сайын Сталиннен рұқсат сұрап отырса, соғысты жеңіп шығар ме еді? Бұл нағыз соғыс болды, сондықтан жауапкершілікті алу керек еді. Біздің заңымыз сондай. Жаңаөзендегі оқиғадан кейін біздің заңдар құқыққорғаушыларды қару қолдану тұрғысында тежеп тастады. Сондықтан көпшіліктің алдына шығып мәлімдеме жасамас бұрын қарулы бандиттерге қатысты біз қару қолдану керекпіз деп айтқан едім. Жауапкершілікті мен өз мойныма алдым. Кейін оны көпшіліктің алдында айттым. Мұндай жағдайда Мемлекет басшысы жауапкершілікті өз мойнына алу керек деп санаймын. Оның салдарын, дәл осындай реакция болатынын білдім. Дегенмен, мемлекет мүддесі, азаматтардың қауіпсіздігі мен үшін бәрінен жоғары,-деді Президент «Хабар24» телеарнасына берген сұхбатында.

Өзгелердің жаңалығы