Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді, - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-аккаунтында.
Бүгін адам жанының арашасы – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1998 жылы Президент Жарлығымен бекітілген бұл мереке жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.