Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Менің ойымша, біздің алдымызда тұрған ерекше маңызды міндет – бұрын-соңды болмаған қауіп-қатер жағдайында халықаралық қатынастардағы тұрақтылыққа қол жеткізу. Көпжақты механизмдерді қайта жандандыру және ашық диалогқа қайта оралу өте маңызды. Ең алдымен, халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесінде Азия континентінің маңыздылығын күшейту үшін баршамыз күш-жігерімізбен жаңа бейбітшілік күн тәртібін қалыптастыруға бағыттауымыз керек. Өздеріңіз білесіздер, Азия адамзат өркениетінің дамуына орасан зор үлес қосты, – деді Мемлекет басшысы.