Тоқаев Маңғыстау облысындағы еңбек ұжымдарының шеруіне қатысты тапсырма берді

8 Ақпан 2022, 12:10
1212
Бөлісу:
Тоқаев Маңғыстау облысындағы еңбек ұжымдарының шеруіне қатысты тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйледі. 

Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар Ноғаев облыстағы кәсіпорындардың жұмысшыларының наразылығы туралы да айтып өтті. 

Өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы ахуал оңай емес екенін атап өтті. 

Менің тапсырмама сәйкес, өңірді кешенді дамытуға қатысты жоспар қабылданды. Бұл құжат биыл тағы да пысықталды. Оған сәйкес қомақты қаражат бөлінді. Ол бірінші кезектегі міндеттерді шешуге жұмсалады. Сондықтан істі созбай, дереу жұмысқа кірісу керек, - деді Тоқаев. 

Ол қабылданған шараларға қарамастан еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келе жатқанын айтты. 

Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуы керек. Кәсіподақ жетекшілері мен жұмысшылары шеруге шығып жатқан компания иелеріне сындарлы диалог орнату қажет. Қабылданған шешімдердің барлығын қарапайым жұмысшыдарға дұрыс түсіндіру керек. Проблемамен айналысуды әкімдікке жүктеп қоюға болмайды. Оларды қолдап, туындаған мәселелерді бірлесе қараған жөн. Проблемаларды шешу үшін Үкімет мен «Самұрық-қазына» бірлесе жұмыс істеуі керек. Қажет болса, Үкіметтің арнайы комиссияны Маңғыстау облымсына жіберу керек, - деді Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы