Тоқаев Макронды ұлттық мейрамымен құттықтады

14 Шілде 2023, 09:01
555
Бөлісу:
Тоқаев Макронды ұлттық мейрамымен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы