Тоқаев Конституциялық кеңеске 27 ұсыныс берген

20 Маусым 2022, 10:12
1359
Бөлісу:
Тоқаев Конституциялық кеңеске 27 ұсыныс берген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында айтты. 

Араға жыл салып, еліміздегі конституциялық заңдылықтың кезекті жолдауымен келіп тұрмыз. Өткен кезең біздің еліміз үшін елеулі оқиғаларымен есте қалды. Қаңтар оқиғасы еліміздегі ахуалды мүлдем өзгертті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкін қатерлерді ескере отырып, биылғы Жолдауында бірқатар маңызды шараның пакетін ұсынды, - деді Мәми.

Ол атағандай, қойылған мақсаттар конституциялизмды одан әрі дамыта түсті. 

Қоғам жаңғырып жатқанда негізгі заңымыз да өзгертулерді талап етті. Референдум барысында енгізілген конституциялық өзгерістер қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртудың құқықтық негізін қалады. Алдымызда тұрған жаңа міндет  - жаңартылған Конституцияның мәнін ұғыну, бүкіл заңнаманы оған сәйкестендіру, - деді Қайрат Мәми. 

Ол Конституциялық кеңестің осы кезеңге дейінгі қорытындысын айтып өту жөн екенін атады. 

Бүгінге дейін Конституциялық кеңеске 200-ден астам өтініш, оның ішінде Мемлекет басшысының 27, Парламент палаталары төрағаларынан және оның депутаттарынан 77, Премьер-министрден 27, соттан 71 ұсыныс келіп түскен. Конституциялық кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдады. 30-дан астам заң мен халықаралық шарт жалпы не ішінара конституциялық емес деп қабылданды, - деді Мәми. 

Өзгелердің жаңалығы