Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессомен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі келіссөздер Қазақстан мен Конго қатынастарын жаңа белеске көтеріп, тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді деді.
Конга Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Екі ел бір-бірінен алыс қашықтықта орналасқан, бірақ соған қарамастан өзара байланысты жан-жақты дамытуға мүдделіміз. Қазақстан мен Конгоның ынтымақтастық әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен, өндіріс пен инвестициялар мен ғарышты игеру бағыттары бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға болады. Бүгін қол қойылатын құжаттар екі ел арасындағы ынтымаққа тың серпін береді. Біз бұған дәлел ретінде Конгодағы Елшімізді тағайындаймыз. Елші екі елдің арасында саяси араағайын болады, - деді Мемлекет басшысы.