Мемлекет басшысы елімізге сөзден іске көшпесек, көш соңында қалуымызға тура келетінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметте өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте мәлімдеді.
Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек. Экономиканы әртараптандыру – уақыт талабы әрі стратегиялық міндет. Біз бұл туралы үнемі айтып жүрміз, - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы сөзден іске көшетін кез келгенін еске салды.
Бірақ ісімізден сөзіміз көп болып тұр. Дереу іске көшпесек, әлемдік бәсекеде озық бола алмаймыз, яғни әлем экономикасында көш соңында қалуымызға тура келеді. Жаңа ғана еліміздің даму барысы туралы Үкіметтің есебін тыңдадық, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, осыған дейін Тоқаев еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру керектігін айтты. Президент жұмысқа жұмыла кірісу керегін баса айтты.