Тоқаев халықты референдумға қатысуға шақырды

5 Мамыр 2022, 20:12
1565
Бөлісу:
Тоқаев халықты референдумға қатысуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне арналған үндеуінде айтты.

Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді-деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнату қажет.

Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет.Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту. Мен баршаңызды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырамын! Ұлт мүддесіне сай бастамаларды қолдайсыздар деп сенемін,-деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы