Тоқаев ғылымға қаржы салуға жеке инвесторларды ынталандыру керек екенін айтты

12 Сәуір 2023, 15:21
1221
Бөлісу:
Тоқаев ғылымға қаржы салуға жеке инвесторларды ынталандыру керек екенін айтты
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Машина жасау, мұнай-химия саласындағы, яғни төртінші деңгейдегі өндірістің үлесі – 34 пайыз. Қалған 1 пайызы микроэлектроника, роботтандыру және IT салаларында немесе бесінші деңгейдегі технологиямен жұмыс істейді. Нано және биотехнологияға негізделген алтыншы деңгейдегі өндіріс бізде мүлде жоқ. Бұл жағдай көш соңында жүргенімізді көрсетеді. Ғылымның анағұрлым озық салалары бойынша тым артта қалып келе жатырмыз. Мен нақты цифрларды мысалға келтірдім. Оны мойындауымыз керек. Дамыған елдерде кәсіпорындардың тең жартысынан көбі – бесінші, ал 5 пайызы – алтыншы деңгейге жеткен. Бір сөзбен айтқанда, біздің өндірістеріміз олармен салыстырғанда артта қалған. Бұл айырмашылықты жою – еліміз үшін өте өзекті мәселе. Сондықтан ғалымдарымызға айрықша міндет жүктеледі, - деді Президент.

Президенттің айтуынша, ғылым саласы ұлттық экономиканы жаңғырту ісінде аса маңызды рөл атқаруға тиіс.

Мысалы, Қытайда ғылымға негізделген қоғам атты партия мақұлдаған тұжырымдама бар. Яғни, Қытайда ғылымға негізделген қоғам тұжырымдамасы бар. Партия және Үкіметтің барлық маңызды шешімдері міндетті түрде ғылыми сараптамадан өтуі керек. Мұның бәрі Қазақстан ғылымының даму моделін түбегейлі жаңартатын уақыт келгенін көрсетеді. Сондықтан Қазақстан ғылымын дамыту үлгісін түбегейлі өзгерту – аса маңызды міндет. Қажет болса, келешекте ғылыми шешімдер мен цифрландыруды негізге алатын парасатты экономика моделіне көшу керек болады. АҚШ, Қытай, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия елдеріндегі технологиялық серпілісті бүкіл әлем біледі. Олар ғылымның ашық нарықтық үлгісіне көшкеннен кейін зор жетістікке жетті, - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы ғылымға қаржы салуға жеке инвесторларды ынталандыру керек екеніне де тоқталды.

Технология секторы алып-сатудан гөрі пайдалы әрі өміршең бизнес екеніне кәсіпкерлердің көзін жеткізу қажет. Сонда ғана ғылым мен бизнес арасында өзара тиімді әріптестік орнайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы